Сәуірдің 12-сі мен 13-і күндері Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театры да жаңа қойылымды жарыққа шығармақ. Жақында ғана "Ұлы мен ұрының" тұсауын кескен драма театр енді Чеховтың "Апалы-сіңлілі үшеуін" сахналауды жоспарға қойып отыр.
Шығарманы қазақ тіліне аударған - Ә.Бөпежанова
Спектакльдің режисерлері - Рубен Андриасян мен Алма Кәкішева.
Рөлдерде театрдың жоғарғы, орта және жас буын актерлері ойнайтын болады.
Адам жанының нәзік қылдарын тербейтін шығармалары жұртқа таныс ұлы драматургтың бұл пьесасы қазақ сахнасында қайта тірілмек. «Апалы-сіңлілі үшеу» деп аталатын драма қазақ сахнасында алғаш рет қойылғалы жатыр. Мұндағы үшеу - Оля, Ирина және Маша. Олар да басқа әйелдер секілді мағыналы да, мәнді ғұмыр кешуді армандайды. Өздерін қоршаған адамзат баласынан тек жақсылық күтеді. Ойларында арамдық жоқ арулар болашақтан бақыт тосады. Бәрі дұрысталып, заман тып-тыныш халде арға зымырай береді деп үміттенеді. Әрине, заман сырғи береді. Бірақ, бәрі біздің ойлағанымыздай бола берсе, зұлымдықтың саудасы жүрмей, арамдықтың арбасы алға жылжымай қалмай ма? Спектакль барысында көп қыртысты тағдырды айнытпай-ақ көруге болады.
Театрда кездесейік, ағайын!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: thenews.kz