21 маусымда Ресейдің Халық әртісі, Мариинский театрының және ағылшын Корольдігі балетінің примабалеринасы, бүгінде «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова балеттік труппаның директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиевпен бірігіп, елорда театрының Үлкен залында өтетін Гала балеттің бағдарламасын әзірледі.
Балерина Алтынай Асылмұратова мансап жолында әлемге естен кетпес хореографиялық кейіпкерлерді паш еткен.
Екі бөлімнен тұратын бір жарым сағаттық бағдарламада дуэттер, трио, па-де-де, гран-па ең әйгілі әрі сүйікті балеттерден үзінділер ұсынылады, олар: Й. Байердің «Қуыршақтар перісі», Н. Римский-Корсаковтың «Шахеразадасы», Ф. Шопеннің музыкасына қойылған «Елестегі балы», С. Рахманиновтің «Көктемгі сулар», Л. Минкустың «Дон Кихоты», Б. Асафьевтің «Париж жалыны», К. Сен-Санстың «Өліп бара жатқан аққуы», А. Бородиннің «Игорь князь» операсынан «Қыпшақтар биі», Ғалия Бөрібаеваның қойылымындағы К. Күмісбековтің музыкасына шығарылған «Биші қайың» биі және басқалары.
Әртістер қойылатын номерлердегі әрбір қимылға ұзақ әрі жіті дайындалды. Әлі тым жас бишілер балеттің тәжірибелі әртістері: Мәдина Баспаева, Гауһар Усина, Тайыр Гатауов, Жандос Әубәкіров, Әйгерім Бекетаева, Әнел Рүстемова, Бақтияр Адамжан, Арман Оразов, Әсел Құсайынова, Серік Нақыспеков, Елдар Сәрсембаев, Гүлзира Жантемір, Марат Әбдірахманов, Назерке Аймұхаметовалармен бір қатарға тұрып өнер көрсетеді.
Концерт 19:00-де басталады, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.