- Негізгі бет
- Театр
- Астанада Австриядан келген...
Астанада Австриядан келген қазақстандық пианиношы өнер көрсетеді
Жас та болса, атағы шығып, көрерменнің сүйіктісіне айналып үлгерген австриялық магистратураның түлегі пианиношы Ернар Нұртазин 18 ақпанда "Астана Опера" сахнасында "Классиктер жәнезамандастар"атты концертте алғаш рет өнер көрсетеді.
Oл білім нәрін Құрманғазы ат.Қазақтың ұлттық консерваториясында, кейін Австриядағы А.Брукнер атындағы Би, Музыка және Актерлық шеберлік университетінің магистратурасын бітірген.
- Бүгінде Ернар бізбен қайта қауышты, ол Отанға оралды және біз үшін көптен бері ойда жүрген идеямыз – бірлескен концерт беруді жүзеге асыратын тамаша мүмкіндік туды, - дейді маэстро Руслан Баймұрзин.
"Астана Опера" театрының ішекті оркестрі және аспапшы-солистері өткен ғасыр классиктерінің жауһарлары мен бүгінгі күнгі қазақстандық авторлардың шығармасын орындайды: Д. Шостаковичтің оркестр мен фортепиано және кернейге арналған №1 концерті; Б. Бриттеннің қарапайым симфониясы; Х. Сетековтің "Скерцосы". Концертке кернейші, "Астана Опера" оркестрінің солисті Александр Усик және "Астана Операның" ішекті оркестрі қатысады.
Ф. Абилова