Астанада "Аида" операсы шырқалады

Астанада "Аида" операсы шырқалады

26 ақпанда театрдың ең көркем қойылымдарының бірі «Аида» операсында Амонасро партиясын Үлкен театрдан келген баритон, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Юрий Нечаев, Радамес партиясын болгар теноры Камен Чанев орындайды.

Басты партияны «Астана Опера» театрының жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина шырқайды.

Аты аңызға айналған италиялық режиссер әрі сценограф Франко Дзеффиреллидің «Аидасын» XXI ғасырдың ең көркем спектаклі деп сенімді түрде атауға болады. 

Елордалық көрермен Үлкен театрдан келетін баритон Юрий Нечаев пен болгар теноры Камен Чаневтің өнерін алғаш рет тамашалайды. «Ла Скала», «Метрополитен-опера», «Ковент-Гарден», «Бастилия операсы» – Юрий Нечаев өнер көрсеткен сахналар мұнымен шектелмейді. Тенор Камен Чанев те шығармашылық жолында айтарлықтай белсенді болды. Оған Венаның мемлекеттік операсы, Баварияның мемлекеттік операсы, Венециядағы «Ла Фениче» театры, Франкфурт, Берлин, Цюрих, Варшава, Барселона, Дублин, Пальма-де-Майорка, Валенсия, Севилья, Токио, Антверпен, Тель-Авив және басқа да театрлардың залында қошемет көрсетілді.

28 ақпан күні екінші құрамда "Аида" операсын Маргарита Дворецкая, Амнеристі Гүлжанат Сапақова, Татьяна Вицинская, Талғат Мұсабаев, Евгений Чайниковтар сахналап шығады. Патшаның партиясын Артур Қайыпқұлов, Болат Есімханов орындайды.

Спектакль үш үзілістен тұрады. 3 сағат 45 минут жүреді, 19:00-де басталады. Билет бағасы 500 теңгеден жоғары.

Cурет: Театрдың баспасөз қызметі

Ф. Абилова