«Астана Опера» театры 6 және 7 желтоқсанда көрнекті балетмейстер, КСРО халық әртісі – Юрий Григоровичтің жаңа хореографиялық редакциясындағы «Ұйқыдағы ару» ("Спящая красавица") балетінің екі қойылымын ұсынады. Театрдың сахнасында басты кейіпкерлер Аврора ханшайымы мен Дезире ханзадасының партияларын балеттің белгілі әртістері: Әйгерім Бекетаева, Тайыр Гатауов – бірінші құрамда және Гауһар Усина, Рүстем Сейітбеков – екінші құрамда сомдайды.
«Ұйқыдағы арудың» желісі, сипаты, ырғағы сарқылмайды, «Астана Опера» аталған балеттік спектакльді осымен екінші рет қоймақ. Көрермен оны көрген сайын жақсылық пен зұлымдықтың шегі жоқ күресін жаңаша сезіне алады. Бұл қойылым Шарль Перроның кең тараған «Ұйқыдағы ару» француз ертегісінің әдеби нұсқасы. Балеттегі басты көріністе ерке де әсем Аврора ханшайымы пайда болады, ал соңғы салтанатты көріністе хореография өнерінің дамуының жоғарғы деңгейін паш ететін үйлену тойындағы көрініс орын алады. Кіндігін кескен қызына бақыт пен игілік тілеген мейірімді Сирень перінің бейнесі, сондай-ақ албырт Дезире ханзаданың бейнесі жүректі елжіретеді. Бұл көріністерде аналық қамқорлықтың, жас ханзаданың махаббаты мен көңілін білдірген сәттердің алып-ұшқан сезімдері бейнеленген. Музыкалық тұрғыдан да, балеттік тұрғыдан да көріністердің ішіндегі ең жарқыны, мерекелі де есте қаларлығы – үлкен ансамбльді вальс көрінісі.
Юрий Григорович композитор Мариус Петипаның мәтіндерін топтастырып, бір спектакльге жинап, екі акттан тұратын қойылым жасады. Балеттің көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев театр труппасының көрнекті қоюшы хореографпен жұмыс істеуі, биікке ұмтылған әртістер үшін үлкен серпін бергенін атап өтті. «Балет труппасының ерекшелігі олардың бір стильмен шектеліп қалмайтындығында, бұл жас әртістерге тек классикалық биді билеп қана қоймай, сондай-ақ оларға драмалық актер ретінде шыңдалудың сан қырын игеруге мүмкіндік береді. Қойылымға бишілер қатарын толықтырған әртістер қатысады, олар: Халықаралық конкурстардың лауреаты Досжан Табылды мен Еркін Рахматтулаев», - дейді Т.Нұрқалиев.
Костюмдер мен декорациялар либреттоның стиліне сай италияндық шеберлермен әзірленді. Әлемнің үздік сценографтарының бірі Эцио Фриджерио және «Оскар» сыйлығының иегер, костюмдердің суретшісі Франко Скуарчапино сахнаны шеберлерге тән сән-салтанатқа айналдырып, нағыз ертегіні суреттеді. Жарық беруші итальяндық Виничо Кели.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі