Қазақстанның алтын виоленчелі Ермек Құрманаев, дарынды скрипкашы Евгения Құрманаева және керемет пианиношы Гауһар Таспергенова 12 мамырда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Жалынды құштарлық» атты концерт ұсынады.
Белгілі қазақстандық музыканттардың өнері көрермен қошеметімен бағаланып, құрметті атақтармен және марапаттармен ескерілген. Виолончельші Ермек Құрманаев – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық байқаулардың лауреаты, пианиношы Гауһар Таспергенова – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, скрипкашы Евгения Құрманаева халықаралық конкурстардың лауреаты.
12 мамырдың көктемгі кешінде шырқалатын музыка адам баласының ерекше көңіл-күйінің мол қыры – құштарлықтың сырын ашады.
Құштарлық туралы бұл композиторлар барлығын білетінге ұқсайды. Танго жанрын айтарлықтай байытқан, оны заманауи үлгіде ұсынған, джаз бен классикалық музыка элементтерін игерген А.Пьяццолла шығармашылығы «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері», «Libertango», «Le Grand Tango» және Танго «Oblivion» («Ұмыту») шығармалары арқылы ұсынылады. Жалынды құштарлықты Ж.Массненің «Толғану», Г.Форенің «Ояну», С.Рахманиновтың Виоленчель мен фортепианоға арналған соль минор сонатасынан андантеден, Д.Шостоковичтің Виоленчель мен фортепианоға арналған соль минор сонатасынан скерцо, Р.Щедриннің «Альбениске еліктеу» туындыларынан сезінеді.
– Біз мұндай құрамда алғаш рет өнер көрсетпекшіміз. Бұл музыка құштарлыққа, әсерге толы – кереметтігі осында. Концерттің бағдарламасын лирикалық еткіміз келмеді. Астанаға көктем өте кеш келеді және біз «музыка жалынын» қосқымыз келді, адамдардың жүрегіндегі құштарлықты оятып, жандырып, елорда тұрғындары мен қонақтарын ұзақ уақытқа созылған қыстан кейін сергіткіміз келеді. Көрерменге таң қалдыратын композитор А. Пьяццолланың туындыларын өз интерпретациямызда ұсынамыз. Орындалатын шығармалардың негізгі ойын сақтай отырып, бағдарламаға заманауи музыканы қостық, қажетті ырғақтарды табуға тырыстық, – деп атап өтті Гауһар Таспергенова.
7 мамырда музыканттар бұл бағдарламаны Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында (Алматы), бірақ кеңейтілген құрамда ұсынады. Оларға сол кеште кахона (Перуде шыққан ағаштаннемесе басқа материалдан қорап түрінде жасалған ұрмалы музыкалық аспап) деп аталатын ерекше аспапта ойнайтын белгілі музыкант Марат Ахметжанов қосылады.