4 және 26 наурызда «Астана Опера» театрында Дж. Вердидің "Травиата" операсы көрермендерін күтеді. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.
Хеннинг Брокхауздың қойылымы "Травиатаны" әдетте көріп жүрген таза мелодрама түрінде емес, Дж. Вердидің бастапқыда ойластырғанындай етіп қабылдауға жетелейді. Сахнаны әртүрлі қырынан көрсетуге мүмкіндік беретін орасан зор айна қоюшының адам сенгісіз қиялының бір бөлігі ғана.
Соңғы көріністе ол сахнаның қара фонынан басқа ешнәрсені көрсетпей, осылайша режиссердің жеткізейін деген ойы – қиялдың ғайып болатынын шегелей түседі. Виолетта өмірден озған соң, айнаның кескіндері көрерменге қарай бұрылып, осылайша оларды да спектакльдің қатысушысы етеді.
Әдетте "Травиатаның" бұған дейінгі қойылымдарында хор әртістерін ұқсастығы салдарынан бір-бірінен ажырату қиын еді, ал бұл нұсқада хордың әрбір нәзік жанды әншісі Травиатаны – Виолетта Валериді түрлі қырынан сомдайды десе болады. Оның айнадағы әр кескінінің өзіндік дара мінезі, стилі бар. Сондай-ақ әрбір ер азамат – хор әртісі Альфредтің мінезін түрлі қырынан аша түседі.
Сахнаға жарқырап шығып, кейіпкерлердің бейнесіне терең үңілетін қазақстандық орындаушылар: Виолетта – Жәмиля Жарқымбаева, Әлфия Кәрімова, Айзада Қапонова. Альфред – Мейір Байнешов, Жорж Жермон – Талғат Мұсабаев. Дирижерлық тізгінде – маэстро Абзал Мұхитдинов.
Александр Дюма-ұлының "Камелия ұстанған ханым" романының желісімен жазылған опера, алғашқы рет "Ла Фениче" театрында 1853 жылдың 6 наурызында қойылған. Либретто авторы - Франческо Мария Пьяве. "Астана Опера" төрінде оның тұсаукесері 2014 жылдың 22 қазанында үлкен табыспен өтті.
Костюмдерді Джанкарло Колис (Италия) әзірледі. Негізгі сахна, өзінің ықшамдылығымен тамаша салондық атмосфера сыйлайтын жұмсақ декорациялармен жабдықталған. Сценография авторы – Йозеф Свобода.
Сахнадағы костюмдерді алдынан тамашалап үйренген көрерменді, режиссердің тапқырлығы: оның ойластыруы бойынша "айналы" қойылымда әртістерді барлық қырынан көруге болатыны қайран қалдырары сөзсіз. Колис аталған спектакльде Виолетта жанының тазалығын: оның кигені қалыңдықтың көйлегі болмаса да, рухыңды көтеретін аппақ түсті болғанына қарамастан, ахуалды түсіндіру үшін оған қара шілтерден ендірме тігу арқылы жеткізеді. Екінші актіде Альфредті тастап кеткен Виолетта қайтадан жезөкшелікке бой ұрып, ол кезде бұл көйлекке ашық көк кереғар рең беріп тұрады.
Спектакль екі антрактіден тұрады. 2 сағат 50 минутқа созылады. Билет бағасы 500 теңгеден басталады.
Сурет: Театрдың баспасөз қызметі