«Астана Опера» блогшылардың назарында

20 желтоқсанда Қазақстанның танымал Insta-блогерлері  Empty жобасы аясында "Астана Опера" театрына келеді.

Бұл эстафетаны елордалық театр аталған науқанға қатысқан The Metropolitan Museum of Art, Копенгагендегі мемлекеттік өнер мұражайынан, Лондондағы Royal Opera House және Ресейдегі Үлкен театрдан қабыл алды.

#EmptyAstanaOpera хэштег жобасының мәні Idea Hub қоғамдастығына біріккен 15Instagram қолданушының театрдың Басты, Мәрмәр және Камералық залдарында түрлі қырынан қызықты фотолар түсіретіндігінде. Барлық фото ауқымын қатысушылар бір апта бойы #EmptyAstanaOpera хэштегімен @Astana_Opera аккаунтын ескере отырып Instagram беттеріне салады.

Empty қозғалысы Нью-Йоркте Дейв Кругман (Dave Krugman) есімді инстаграмердің бастамасымен дүниеге келген, ол бірнеше өзге пайдаланушыны Нью-Йорктегі Метрополитен мұражайында жұмыс уақытынан тыс, онда ешкім болмаған кезде жабық түрде өткен кездесуге шақырады. Шараға қатысқандар кейін Instagram беттерінде атақты мұражайдың жаңа және ерекше қырынан түсірілген фотоларын #emptymet хэштегімен жариялайды.

#Еmptymet жобасының сәтті жүзеге асқаны соншалықты, қазір бұл қозғалыс бүкіл әлемге тарап, көптеген компаниялар Instagram фотоға түсірушілерді жұмыстан тыс уақытта қуана қарсы алады.

Сурет: strategy2050.kz, Астана Опера баспасөз қызметі