Қазақстанның елордасында «Астана аруы-2015» конкурсының финалы өтіп, сұлулар байқауының жеңімпазы анықталды.
Байқауда Тараз университеті заң факультетінің студенті Камила Темірова жеңімпаз атанды. Бану Қадырханова, Гауһар Жұмағатова және Виктория Алексеева вице-ару атанды.
Конкурс финалында «Астана аруы» атағына 20 үміткер қатысып, бақ сынады.
Дереккөз: Казинформ