Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді.
Биыл КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімов 80 жасқа толды. Айтулы мерейтой 12 мамыр күні Әуезов театрында республика көлемінде аталып өткен болатын. Алаштың ардақтысы Асанәлі Әшімов театр мен кино саласында қайталанбас образдар жасап, режиссер ретінде де спектакльдер сахналады. Саналы ғұмырын өнер саласына арнаған сахна саңлағы, бүгінде Әуезов театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының Төрағасы қызметін атқарады.
Ұлтымыздың мақтанышына айналған Асанәлі Әшімовтің мерейтойы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік «Экспо -2017» көрмесінде де өз жалғасын таппақ.