Кейбір әртістер өзге де шығармашыл адамдар секілді кейде ырымшыл, кейде тым сезімтал, кейде өзгелердің көрген түсіне, не олардың сенетін ырымына көзсіз сене салады. Бірақ мұны теріс көрер жайымыз жоқ. Олар өнер жолында жүргендіктен, бәрінің сәтті шыққанын қалайды. Содан болар, өзге салада жүрген жандармен салыстырғанда әртістер, соның ішінді театр әртістері ырымға ерекше сенеді. Сахна – әртіс үшін өте киелі жер. Кейбір әртістер сенетін ырым-тыйымдарға назар аударыңыз:
Сахнада:
Сценарийден тыс сахнада айқайлауға, дөрекі дауыс көтеруге, ұрысуға, ысқыруға болмайды. Сахнада шемішке шағуға болмайды, әйтпесе құрам жиналмай қалады. Егер қойылым жүріп жатқан кезде сахнадан қаңғыбас мысық жүгіріп өтсе, ол – жамандықтың нышаны. Қолшатыр мен тарақ негізі ешқандай жамандық шақырмайтын заттар. Бірақ сахнада әлдекім қолшатырды ашып, тарақты түсіріп алса, жамандық күте беріңіз. Егер әртіс сахнадан шеге тауып алса, рөл алуда жолы болады.
Сахнада ешқашан тірі гүл қолдануға болмайды. Тек жасанды гүлдерді ғана пайдалану керек. Егер актердің қандай рөлде болсын, сахнаға алғаш шыққанда, аяқ киімі сықырласа, онда оны сәттілік күтіп тұр. Сахнаға шығарда
оң аяқпен аттап шығу керек. Егер сол аяқпен шығып қалсаң, не айтар сөзіңді ұмытып қаласың, не қандай да бір келеңсіз жағдайлар болып қалуы ықтимал.
Әрлеу бөлмесінде «абай болатын» әрекеттер:
Әрлеу бөлмесінде айнаға әріптестер жақтан оң жақ иықпен қарау керек.
Әрлеу бөлмесіндегі ең ақымақтық іс – ысқыру. Егер біреу осылай етсе, онда бір актер рөлінен айырылып қалады. Байқаусызда ысқырып қойған жағдайда әрлеу бөлмесінен шығып, есікті қағып қайта кіруі керек. Киіну бөлмесінен үнемі сол аяқпен шығуы керек. Әрлеу бөлмесінің есігіне ешқашан сурет іліп қоймау керек.
Дайындық пен қойылымға қатысты:
Егер актер сценарийдің соңғы репликасын айтпай қалса, «біттім» дей беріңіз.
Дайындық кезіндегі ең келеңсіз нәрсе – оның сәтті шыққаны. Егер қойылым дайындық барысында еш мінсіз қойылса, онда премьерадан сәттілік күтпей-ақ қойыңыз. Екінші рет қайталанып сахналанған қойылым да сәтсіздікке толы болып, алғашқысына қарағанда төменгі дәрежені көрсетеді. Көптеген әртістер трагедияға толы қойылымдардағы рөлдерді сомдаудан қорқады. (Мысалы көбі «Мастер и Маргарита» қойылымына аса қауіппен қарайды) Ондай жағдайда не ауырып қалады, не театрдан біржола кетіп тынады. Қолдан келгенше
өлімді ойнаудан алшақ болу керек. Оның образына енем деп, өзіңізге көп ауыртпалық түсіріп алуыңыз әбден мүмкін. Сонымен қатар сол кейіпкердің тағдыры сізге әсер етуі мүмкін.
Сары түс. Театрлар арасында таралған аңыз әртістің осы түстен қашуына себеп. Атақты француз актеры Мольер сахнаға сары түсте тігілген киімді киіп шыққан сәттен соң бірден көз жұмыпты. Содан бері әртістердің көбі осы түстен бойын аулаққа салады. Театрдың костюмерлері мен суретшілірі де сахнаны әрлеп, әртістерге киім ұсынатын кезде қолдан келгенше осы түсті таңдамауға тырысады. Кез келген премьера үшін жұма – ең сәтсіз күн.
«Макбета» қойылымындағы әнді ешқашан да дайындық кезінде айтпау керек. Пьеса мен рөлге қатысты:
Театрға бақытсыздық әкелетін қойылым – «Макбета». «Мыстанның әні» жын шақырады деген түсінік бар. Пьеса шеңберінде осы ән көп рет қайталанып айтыла берген екен. Содан қойылымда ойнаған әртістерге түрлі бақытсыздықтар келген. Бұған «Old Vie Theatre»-нің мейірімді кемеңгері Лилиан Бейлистің өлімі дәлел. Ол дәл «Макбета» қойылып жатқанда көз жұмған.
Ең сәтсіз балалар қойылымы – «Робин Гуд» және «Балалар орманда» Ең сәтті қойылым – «Золушка» Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: teatronix.ru, en. www.lensart.ru, style-expo.ru, mobilmusic.ru, gdefon.ru