Алпыс сегізінші жылдың жетістіктері мен жаңалықтары

Жылан жылы еліміздің мәдениетіне, өнеріне, денсаулық саласына көптеген оң өзгерістер әкелді. Ауыз толтырып айтатын оқиғаларымыз да жеткілікті. Осы орайда Мassaget.kz порталы таяуда ғана отандық шоу-бизнесті қорытындылаған болатын. Ал бүгін театрдың бір жылдық жаңалықтарын айтып өткелі отырмыз.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры өзінің кезекті театр маусымы – 68-ші театр маусымын 29 қазанда (авт Ғ.Мүсірепов реж.Ж.Хаджиев) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясымен ашты.

Биылғы  театр  маусымын өнер ұжымы үшін белестер жылы деп те айтуға болады. 2013 жылдың қараша айында театр Бішкек қаласында өткен Ш.Айтматовтың 85 жылдығына арналған IV «ART-ORDO» Халықаралық театр фестиваліне М.Әуезовтің «Ай Қарагөз» спектаклімен қатысты. Фестиваль барысында еліміздің белгілі кино режисері, сценарист, театрдың көркемдік жетекшісі әрі директоры Талғат Теменов халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың иегері атанды. Жоғары деңгейдегі жүлдені Қырғызстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтан Раев арнайы келіп табыс етті.

Ал қазан айында өткізілген 4-ші Орта Азия халықаралық театрлар фестивалінде, актриса «Жастар Одағы» сыйлығының лауреаты Жанар Мақашева «Карменсита» («Кармен» повесіне фантазия) спектаклімен қатысып, «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алды. Биылғы жылғы Халықаралық театр күні қарсаңында, Еңлікгүл кәсіби театрлар күнінде тағы бір актрисамыз Жанар Мақашева «Жыл актрисасы» деген үздік номинациямен марапатталды.

Биылғы Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығымен театрдың жас, дарынды әртістері:

Динара Әбікеева, Әсет Иманғалиев, Аида Жантілеуовалар марапатталды. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 22 жылдығы қарсаңында театрымыздың әртістері:

Күлжәмила Белжанова  -  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен,

Талғат Теменов– «Парасат» орденімен,

Балтабай Сейітмамытұлы – «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Сонымен қатар, өнер ұжымы 2013 жылдың 21-25 қазан аралығында Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық Қазақ музыкалық драма театрында гастрольдік сапарда болып қайтты. Онда театр гастрольдік репертуарға мына қойылымдарын ұсынды:

21 қазан

дүйсенбі

Ай-Қарагөз…

трагедия

авт. М. Әуезов

реж. Т. Теменов

22 қазан

сейсенбі

Келіндер  көтерілісі

/Бунт  невесток/

комедия

авт. С. Ахмад

ауд. А. Сүлейменов

реж. М. Ахманов

23 қазан

сәрсенбі

 Фатима

(қасірет-нама)

авт. Иран-Ғайып

реж. М. Ахманов

24 қазан

бейсенбі

Сағым қуғандар

/Мираж/ мистика

авт. Ж.Солтиева

реж. Б. Сейітмамытұлы

25 қазан

сенбі

 Қозы Көрпеш – Баян сұлу         

(трагедия)

 

авт. Ғ. Мүсірепов

реж. Ж. Хаджиев

Биылғы жылдың театр маусымында қойылған жаңа спектакльдер:

 «Фатима» қасірет-намасы (авт. Иран-Ғайып, реж.М.Ахманов);

«Жақсы кісі» трагикомедиясы (авт. Ә.Тарази, реж.Ж.Хаджиев);

«Шығыс сазы» музыкалық комедиясы (авт және реж. Т.Теменов);

Жаңажылдық балаларға арналған «Ертегілер әлемі» музыкалық ертегісін (авт.М.Сәдуақас, реж.М.Ахманов), «Бремен музыканттарын» (авт.Ю.Энтин, В.Ливанов, реж. С.Қарабалин) сахналады.

68 жылдық тарихы бар Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 2013 жылы жеткен жетістіктері мен алған асулары және жаңа қойылымдары туралы мәліметтер дәл осындай болып тұр.

Жолдаған: Гүлназ Әділғалиқызы

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: Мassaget.kz