- Негізгі бет
- Театр
- Алматыда Шота Руставели...
Алматыда Шота Руставели атындағы Грузия мемлекеттік театрының гастролі өтеді
23 -24 маусым күндері аралығында сағат 19:00-де тарихта тұңғыш рет Алматы қаласында Грузия елінің жетекші драма театрының бірі - Шота Руставели атындағы Грузия мемлекеттік театрының гастролі өтеді.
Бұл гастрольдік сапар Елордамыз Астананың 20 жылдығына және қазіргі заманның көрнекті режиссері Роберт Робертович Стуруаның 80 жылдығына орайластырылған.
Роберт Стуруа - грузин және орыс театрының режиссері, актер, ұстаз, Шота Руставели атындағы Грузия мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі және «Et Cetera» Мәскеу театрының бас режиссері.
Грузия ССР-ның халық артисі, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығы және Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Аталған театр алматылықтарға "Узаконенное беззаконие" («Заңдастырылған құқық бұзушылық») екі актілі көңілді әфсана қойылымын ұсынатын болады. Спектакльдің қоюшы-режиссері Роберт Стуруа болса, композиторы Гия Канчели.
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында қойылатын спектакль орыс тіліндегі ілеспе аудармамен жүреді.
Айта кетейік, бұл Грузия мен Қазақстан елдерінің достығы негізінде өтетін шара болмақ. Келесі жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Грузия еліне гастрольдік сапарын жоспарлауда.
А. Оралқызы