Алматы қаласында 4 сәуірден 7 сәуірге дейін Дж. Вердидің 200 жылдығына арналған төртінші Халықаралық опера және балет өнерінің фестивалі өтеді.
Фестивальге Италияның, Германияның, Түркияның, Румынияның, Өзбекстанның опера жұлдыздары қатысатын болады. Ал Қазақстаннан Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының көрнекті жұлдыздары Алан Бөрібаев, Дина Хамзина, Жұпар Ғабдуллина, Гүлзат Дәуібаева, Сара Ищанова өнер көрсетпек.
Кеш қонақтары:
Дирижер – Кристиан Санду (Румыния)
Тенор – Диего Каваццин (Италия)
Баритон – Джанфранко Монтрезор (Италия)
Тенор – Георгий Ониани (Германия)
Баритон – Тамер Пекер (Түркия)
Сопрано – Ирина Иордаческу (Румыния)
Бас – Кирилл Борчанинов (Өзбекстан)
Фестивальдің бағдарламасы:
4 сәуір, 18.30 - "Травиата"
5 сәуір, 18.30 - "Аида"
6 сәуір, 18.30 - "Реквием"
7 сәуір, 17.00 - Гала-концерт
Атақты композитордың классикалық туындыларын тамашалағыңыз келсе, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрына қарай бет алыңыз.
Театр кассасының байланыс телефоны: +7 (727) 272 79 34
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер театрдың жеке сайтынан алынды