- Негізгі бет
- Театр
- Әлемдегі ең ұзақ...
Әлемдегі ең ұзақ театрлық қойылым
Әлемдегі ең ұзақ театрлық қойылым туралы естігеніңіз бар ма? Таң қалатын ештеңесі де жоқ! Егер сол спектакльді сізге қойып берсе, бір күн бойы театр сахнасынан көз алмай, орныңыздан тапжылмай отыра алар ма едіңіз? Иә, бір күн бойы!
Театр тарихындағы ең ұзақ спектакль - «Леопольд Блумның бір күні». Бұл қойылымды қазір театр афишаларынан табу мүкін емес. Пьеса 2004 жылы 17 маусымда таңғы 08.00-де басталып, бір күн бойы үздіксіз қойылады да, ертесіне, 18 маусымда таңғы 08.00-де сахна шымылдығы жабылады. Мұндай театрлық ерлікке Анатолия Васильеваның жетекшілігімен «Драма өнері мекебі» әртістері барды. Қойылым Джеймс Джойстың «Улисс» романы негізінде қойылады.
Джеймс Джойс
Джеймс Джойстың «Улисс» романы
Олар қойылым барысында өз рөлдерінде ойнап қана қоймай, осы шығармадан үзінді оқып та берген. Джойстың романы басқа да заманауи шығармалардан көш ілгері. «Улисс» - тек модернизмнің шыңы ғана емес, әдебиет тарихында әлемді мойындатқан шығарма. Автордың өз елінде, Ирландияда осы романның құрметіне Bloomsday деп аталатын ұлттық мереке тойланады. Оны жергілікті халық әр жыл сайын 16 маусымда атап өтеді. Шығармада Дублин қаласының тұрғыны, қарапайым жан - Леопольд Блумның өмірінен бір күн баяндалады. Роман желісі бойынша, кейіпкер сейіл құру мақсатымен өз туған қаласына аттанады. Жолшыбай өзінің түрлі таныстарына және бұрын-соңды көз көрмеген бейтаныс жандарға кезігеді. Солардың арасында оқиға өрби береді. Қарап тұрсаң, бұл сейілдеудің ауыз толтырып айтарлықтай ештеңесі де жоқ. Бірақ шығарма кейіпкердің ойын әсем суреттеуге құрылған. Ол жан-жағында болып жатқан жағдайларды әртүрлі әдеби, тарихи, философиялық көрсетілімдермен жалғап отырады. Сондықтан да әртістердің алдында қиын белестің болғаны айқын. Олар тек өз қаhармандарын алып шығуға ғана тырысқан жоқ, шығарманың астарында не жатқанын және оның айтпағы тым тереңде екенін көрерменге жеткізуге ұмтылды. «Леопольд Блумның бір күні» қойлымындағы әрекет театрда қойылғанымен, ол тек бір сахнамен ғана шектеліп қалмады. Бумның ролін Александр Огарев сомдады. Қойылымда жүзге жуық әртіс өнер көрсеткен. Олардың ішінде әншілер, музыканттар және театр машықтанушылары да бар. Сол күні театрдың барлық сахналық алаңдары мен әртістерге грим жасайтын бөлмесі мен кулисаға дейін қолданылған. Анатолия Васильеваның жетекшілігімен жұмыс жасайтын «Театр өнері мекебі» үнемі ерекше сарындағы алдыңғы қатарда жүретін қойлымдарды сахналайды. Солардың ішінде Достоевскийдің «Қылмыс пен жазасы» да бар.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: samogo.net, kk.wikipedia.org, abai.kz