Бала күнімізде көбіміз актер болуды армандап, өсе келе қаржыгер, заңгер, инженер және т.б. мамандықтарды таңдадық. Арман сол күйінде арман болып қала берді. Мүмкін кейбіріміз осы арманның жетегінде әлі жүрген болармыз? Олай болса, неге бағымызды сынап көрмеске? Әлде кеш деп ойлайсыз ба?
1-қадам. Актерге қандай қасиет керектігін ескеріңіз:
- Актер бірінші кезекте денесін игере білуі тиіс;
- Актер әнді жақсылап айта білуі керек;
- Актер театрдың тарихын, оның қашан ашылғанын білуі керек. Бұл - оңай. Себебі театр елімізде аз. Бірақ бұл әлемдегі театрлардың тарихын білмеу керек деген сөз емес.
- Актердің сөз саптауы өте жақсы және сөздік қоры өте бай болуы тиіс.
Жоғарыда аталғандардың барлығын өздігімізден үйрене аламыз. Ол үшін әдебиетті оқып, актерлік шеберлікті үйрететін видеоларды қарау керек. Қарап қана қоймай, жаттығулар жасау қажет. Ең бастысы – құштарлық.
2-қадам. Актерлік шеберлік студиясына жазылыңыз. Сол жердегі ұстаздарыңыздан да біраз тәжірибе жинақтайсыз. Ол жерде үйдегідей емес, жағдай мүлде басқаша болады.
3-қадам. Ал егер актер болу өз жолым деп ойласаңыз, ойланбастан Темірбек Жүргенов атындағы оқу орнына түсіңіз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: wikihow.ru