Қазан театр маусымының ашылу айы. Ғасырға жуық уақыт қазақ көрерменін өнермен сусындатып келе жатқан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры биыл тәуелсіздіктің 27 жылдығында 93-ші рет өз шымылдығын ашады. Сонымен Әкем театрының 93-ші маусымы ағымдағы жылдың 2-ші қазан күні басталады. Жаңа маусым шымылдығын Мұхтар Әуезовтің Абай трагедиясымен ашады. Әр жаңа театр маусымын Абай қойылымымен ашу театрдың мызғымас дәстүрі. Бұл ғасырға жуық уақыт бойы қалыптасып, даму үстіндегі театрдың академиялық деңгейін, режиссуралық көркемдік биіктігін, актерлер ойынының асқан шеберлігінің көрсеткіші. Ал, режиссер Есмұхан Обаевтың сахналауымен қойылатын Абай традегиясы ұлы ойшылдың өмірі, болмысы, бұрынғы және қазіргі қазақ қоғамындағы Абай айтқан мәселелердің ұлы ақынның жаңашылдық, ағартушылық бағытындағы терең ойларымен астасып, көрерменін Абай әлеміне жетелейді. Алғаш рет Асқар Тоқпанов сахналаған Абай трагедиясы театрда 1940 жылдан бері жүріп келеді. Ал 93-ші театр маусымының алғашқы премьерасы авторы Шыңғыс Айтматовтың Ғасырдан да ұзақ күн спектакліқазан айының 11,12,13күндері өз көрермендеріне жол тартады.