Әкемтеатрда премьера: "Ғасырдан да ұзақ күн"

Әкемтеатрда премьера: "Ғасырдан да ұзақ күн"
Фото: vk.com

2018 жылдың 11, 12, 13-ші қазанында сағат 18:30-да Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында жаңа қойылымның тұсаукесері өтпек. 93-ші театр маусымының алғашқы премьерасы – Шерхан Мұртазаның аудармасындағы, Шыңғыс Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн" драмалық қойылымы.

Қойылым кейіпкері қарапайым теміржолшы Едіге өмірдің ащы-тұщысын бірге өткізіскен қарт досы Қазанғапты оның аманаты бойынша "Ана бейітке" жерлемекші. Аса жауапты да имани бұл сапарында ол жеке адамдардан бастап тұтас бір мемлекеттік жүйенің қарсылығына тап келеді. Ата-баба сүйегі жатқан киелі жер бүгінде ғарыш айлағына тиесілі, онда өтуге рұқсат жоқ екен. Тарихи жадысынан айырылған жеке адам да, жүйе де мәңгүртке айналады. Ал, оларға қарсы жасампаз күш – қандай қиындықта да адамдығын жоғалтпаған, ата-баба дәстүріне, тіліне, діліне адал Едіге. Едігелер – өмірдің тірегі.    

Жас режиссер Дина Жұмабаеваның режиссурасымен қойылады.

А. Оралқызы