2018 жылдың 23, 24, 25-ші қарашасында сағат 18.30-да Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында жаңа қойылымның тұсаукесері өтпек. 93-ші театр маусымының кезекті премьерасы Асхат Маемировтың аудармасындағы, Лев Толстойдың Анна Каренина қойылымы. Режиссері Қазақстанның халық артисі, профессор Есмұхан Обаев. Қойылым туралы: Өткен өмірі де, болашағы да бұлыңғыр әйел тағдыры... Мистикалық фигура, тылсым кейіпкер... Өзімен өзі арпалысқа түскен Анна Каренина... Ол Вронскийді сүйе ме? Каренинге жаны қас па? Оған ұрпақ керек пе? Шет-шегі жоқ сауалдар... Бұл махаббат хикаясы да емес. Каренинаның жанайқайы. Жекелік те, жалпылық та сипаты бар трагедия. Әлемге танымал туындының бұл сахналық нұсқасы әйелдің тылсым жанына ғана емес, жұбайлар жұмбағы, ана мен бала, достық пен сатқындық, махаббат пен өшпенділік сынды ұғымдарға терең бойлауға мүмкіндік береді.