Қазақтың Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театры таяуда ғана сахна саңлағы Сәбира Майқановаға арнап «Театр көктемі – 2014» фестивалін өткізген болатын. Осы игі шараның жалғасы ретінде қара шаңырақ ұжымы Қызылорда қаласына гастрольдік сапарға шығады, деп хабарлайды М. Әуезов театрының сайты.
Бұл сапардың басты мақсаты – Сәбира Майқановамен сахналас болған аға буын актерлар жадыларындағы өнегелі естеліктерін «Театр анасының» туған жері Сыр елі көрермендерімен де бөлісу. 10-20 мамыр аралығында, яғни, он күнге созылатын сапарда театрдың 10 бірдей үздік қойылымы ел назарына ұсынылады.
10 мамыр
сенбі
«АБАЙ»
драма
Авт. М.Әуезов,
реж. Е.Обаев
11 мамыр
жексенбі
«РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА»
трагедия
Авт. У.Шекспир,
реж. О.Салимов
12 мамыр
дүйсенбі
«ҚАЗАҚТАР»
тарихи драма
Авт. Қ.Ысқақ,реж. Т. әл-Тарази
13 мамыр
сейсенбі
«ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ»
драма
Авт. Н.Келімбетов,реж. Е.Обаев,14 мамыр
сәрсенбі
«МӨЛДІР МАХАББАТ»
трагедия
Авт. С.Мұқанов,реж. Ә.Рахимов15 мамыр
бейсенбі
«ТЕНДЕРГЕ ТҮСКЕН КЕЛІНШЕК»
драма
Авт.М.Сәрсеке,
реж.О.Кенебаев
16 мамыр
жұма
«КҮЛЕМІЗ БЕ, ЖЫЛАЙМЫЗ БА?…»
комедия
Авт. Е.Жуасбек,реж. М.Ахманов17 мамыр
сенбі
«БЕЙБАРЫС СҰЛТАН»
Тарихи драма
Авт. Р.Отарбаев,
реж. Ю.Ханинга-Бекназар
18 мамыр
жексенбі
«ҚЫЗ МҰҢЫ»
Авт. И.Сапарбай, реж. Е.Обаев,
Т.Аралбай
19 мамыр
дүйсенбі
«ЖАУЖҮРЕК»
тарихи драма
Авт. Д.Исабеков,реж. Е.ОбаевҚызылордалық көрерменге тәтті естеліктерін айтып, өнер көрсететін әртістердің басында Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Құман Тастанбеков, Төлеубек Аралбай, Айдос Бектемір, Ғазиза Әбдінәбиева, Бауыржан Қаптағайлар болса, Данагүл Темірсұлтанова, Жалғас Толғанбай, Азамат Сатыбалды, Ерлан Біләл, Дәрия Жүсіп, Бекжан Тұрыс, Дулыға Ақмолда сынды бірнеше жас талант та бар өнерін ортаға салмақ.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: massaget.kz