Майнинген опера театрында Ахмет Жұбановтың «Абай» операсы сәтті қойылды. Көрермен бағасы өте жоғары болғанын да айта кетейік.
«Ол әлі тірі – қарапайым жылы опера!». Неміс сыншысы Герхард Роде Майнинген Frankhurter Allgemeine газетінде өз мақаласын дәл осындай сөздермен бастапты. Бұдан басқа, неміс сыншысы мұны «Ромео мен Джульеттаға» теңеген екен.
Қыркүйек айының соңы мен қарашаның басына дейінгі билеттің барлығы да кассадан таланып өтіп кеткен. Неміс жұрты жаңалық деп танылған модернистік, эксперименталды қойылымдарға қарағанда 1944 жылы тұңғыш қойылған «Абай» операсына қатты қызығушылықпен қарайтыны белгілі болған. Әншілер ансамблінің баритоны, Абайдың рөлін сомдаған Тэ Хе Шин көрермен көзайымына айналыпты.
Айтпақшы, 2004 және 2007 жылдары аралығында Майнингеннің музыкалық директоры қазақ дирижері Алан Бөрібаев болған. Сол жылдары ол Астана симфониялық оркестрін басқарған екен. Осыдан кейін Ансгар Хааг Қазақстанға келіп, алғаш рет «Абай» операсын көрген соң, оны Германияға апарып қою идеясына бекиді.
Дәл осылай, қазақ операсы, Абай даналығы Германиядан өзінің есті көрерменін тауып қайтты.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: nur.kz