Белгілі қазақстандық пианиношы Данияр Есімхановтың жеке концерттерінің географиясы Алмания, Грекия, Испания, Португалия, Франция, Марокко, АҚШ және тағы басқа елдерді қамтиды. 26 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «Ұлы Мәртебелі Рояль» кезеңінің аясында «Piano Through the Ages» концерті өтеді.
Пианиношы концерт бағдарламасын әртүрлі дәуір шығармаларының көркемдігін көрсету мақсатымен таңдағандықтан, айтарлықтай көлемді болып шықты. Кеште И.С.Бах, В.А.Моцарт, Ф.Лист, Ф.Шопеннің шығармалары көрерменді шаттыққа бөлейді.
Оның орындаушылығы жоғары техникалылыққа, терең әуезділікке ие. Данияр Есімхановтың таланты ерте жасынан байқалды: ол небары 14 жасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік симфониялық оркестрімен үлкен сахнаға шығып үлгерді. Ары қарай Ганновер жоғары музыка және театр мектебінде (ГРФ) профессор Владимир Крайневтің сыныбында тәлім алды. Байқауларға қатысып, бағын сынау, сансыз марапаттарға жетеледі: Грекиядағы халықаралық байқаудың жеңімпазы (2006, 2007), АҚШ (2009), «Kasseler Musikfest» халықаралық фестивалінің қатысушысы (ГРФ), «Animato» (Париж, Франция), «Amici della Pianoforte» (Сан-Даниеле, Италия).
Қазір музыкант өсіп келе жатқан жас буын өкілдерімен тәжірибесін бөлісуде. Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері концертке қатысып, ұстаздарына қолдау көрсетпекші.
– Концерт – бас тартуға күшім жете бермейтін өмірімнің бір бөлшегі. Бұл маусымда Қазақстанда, шетелдерде өткізілетін қызықты бағдарламаларға толы концерттерім өте көп, – деп түйді Данияр Есімханов.