- Негізгі бет
- Театр
- 14 жасында танылған...
14 жасында танылған пианиношының кеші
Белгілі қазақстандық пианиношы Данияр Есімхановтың жеке концерттерінің географиясы Алмания, Грекия, Испания, Португалия, Франция, Марокко, АҚШ және тағы басқа елдерді қамтиды. 26 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «Ұлы Мәртебелі Рояль» кезеңінің аясында «Piano Through the Ages» концерті өтеді.
Пианиношы концерт бағдарламасын әртүрлі дәуір шығармаларының көркемдігін көрсету мақсатымен таңдағандықтан, айтарлықтай көлемді болып шықты. Кеште И.С.Бах, В.А.Моцарт, Ф.Лист, Ф.Шопеннің шығармалары көрерменді шаттыққа бөлейді.
- Концерт И.С.Бахтың скрипкаға арналған ре минор Чаконасымен басталады. Бұл шығарма күллі адамзатқа ортақ кемеңгердің ұлы туындыларының бірі. Аталған музыканың ұлылығына байланысты сан түрлі нұсқалары да баршылық. Түпнұсқаға мейлінше жақын болғандықтан, концертке Брамстың транскрипциясын таңдадым. Концерт айналмалы композицияға құрылған десе де болады, өйткені Брамс өзінің нұсқасын этюдтер жинағына енгізген. Концертті Ф.Шопеннің Алты этюдімен аяқтаймыз. Жалпы кеш барысында вендік классицизм кезеңін, барокко дәуірінің музыкасын және романтикалық музыканың түрлі қырларын көрсеткіміз келеді. Тыңдарманға баллада, этюд және скерцо жанрындағы музыкалар ұсынылмақшы. Өкінішке орай, Ф.Листтің балладалары мүлде орындалмайды. Шығарманың басында драмалық қайшылықтар көп кездеседі, музыканың сипаты трагедиядан апофеозге алмасады. Әр жылдарда орындаған сайын өмірден алған тәжірибеме байланысты шығармадан жаңаша әсер аламын, - дейді Данияр Есімханов.
Оның орындаушылығы жоғары техникалылыққа, терең әуезділікке ие. Данияр Есімхановтың таланты ерте жасынан байқалды: ол небары 14 жасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік симфониялық оркестрімен үлкен сахнаға шығып үлгерді. Ары қарай Ганновер жоғары музыка және театр мектебінде (ГРФ) профессор Владимир Крайневтің сыныбында тәлім алды. Байқауларға қатысып, бағын сынау, сансыз марапаттарға жетеледі: Грекиядағы халықаралық байқаудың жеңімпазы (2006, 2007), АҚШ (2009), «Kasseler Musikfest» халықаралық фестивалінің қатысушысы (ГРФ), «Animato» (Париж, Франция), «Amici della Pianoforte» (Сан-Даниеле, Италия).
Қазір музыкант өсіп келе жатқан жас буын өкілдерімен тәжірибесін бөлісуде. Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері концертке қатысып, ұстаздарына қолдау көрсетпекші.
– Концерт – бас тартуға күшім жете бермейтін өмірімнің бір бөлшегі. Бұл маусымда Қазақстанда, шетелдерде өткізілетін қызықты бағдарламаларға толы концерттерім өте көп, – деп түйді Данияр Есімханов.
Г. Берік