Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел 91 жасында Анкарада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Sabah сайтына сілтеме жасап.
Сүлеймен Демирел 13 мамырда Анкарадағы ауруханалардың біріне жатқызылған. Саясаткердің жағдайы кенеттен нашарлап, қайтыс болды.
Сүлеймен Демирел 1993-2000 жылдар аралығында Түркияның президенті қызметін атқарды. Ол елдің премьер-министр қызметіне бес рет тағайындалған. Сүлеймен Демирел Әділдік Партиясының (ӘП) негізін қалаушылардың бірі, ол елді индустрияландыратын экономикалық бірнеше реформа жүргізді.
Қазақстанда Сүлеймен Демирелдің құрметіне аталған университет бар. Жоғарғы оқу орны Алматы облысындағы Қаскелең қаласында орналасқан. Университет 1996 жылы ашылды.