Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаған, ҚР еңбек сіңірген артисі - Жүніс Шәміл Сыздықұлы 73-ке қараған шағында 27 қыркүйек күні дүниеден озды.
1990 жылы 1 қыркүйекте Целиноград облысы әкімшілігінің шақыруымен қазақ драма театрын ашуға шақырылды. Қазіргі Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сахна шебері ретінде еңбек етіп келді.
Жүніс Шәміл Сыздықұлы - 1940 жылы қаңтар айының 30 жұлдызында Ресей Федерациясы, Челябинск облысының Бреды станциясында дүниеге келген.
1948-1958 жылдары Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ мектеп-интернатында он жылдық мектепте білім алды.
1958-1960 жылдары Алматы қаласындағы Академиялық қазақ драма театрының драма студиясын бітіріп, театр актері мамандығын алды.
1960-1990 жылдары Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ театрында отыз жыл қызмет жасады.
1990 жылы 1 қыркүйекте Целиноград облысы әкімшілігінің шақыруымен қазақ драма театрын ашуға шақырылды. Қазіргі Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сахна шебері ретінде еңбек етіп келеді. Яғни, осы аталмыш өнер шаңырағының негізін қалаушылардың бірі. Содан бері 47 жыл бойы өмірін театр өнеріне арнап келді.
1967 жылы Қазақстан республикалық театрлар фестивалінің лауреаты, «Амангелді» спектакліндегі - Мұңайтпас рөлі үшін І-ші дәрежелі дипломанты. 1981 жылы Құрмет белгісі орденімен марапаталды.
1982 жылы «Қазақстанның еңбегі сіңірген артисі» атағын алды.
1985 жылы Еңбек ардагері медалімен марапатталды.
1987 жылы Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасын» алды.
1996 жылы Түркі тілдес елдердің ІІ-Халықаралық фестивалінің лауреат-дипломанты ретінде марапаталды.
2002 жылы Ғ.Мүсіреповтің туғанына 100 жылдық мерейтойына арналған Петропавлда өткен республикалық театр фестивалінің лауреаты атанды. 200-ге жуық рөлді сахнаға бейнелеп шығарды.
Соның ішінде: М. Әуезов «Түнгі сарын» - Кәрім, «Абай» - Мағауия, Сырттан, «Еңлік Кебек» - Абыз, Қараменде «Айман Шолпан» -Жарас, «Қарагөз» - Жарлығап, Дулат, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баянсұлу» - Қарабай, Жантық, «Қыз Жібек» - Базарбай, «Ұлпан» - Мүсіреп, «Амангелді» - Мұңайтпас, «Ақан Сері-Ақтоқты» - Науан, У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Ромео, Капуллети, Ш.Құсайынов «Алдар Көсе» - Алдар, Шығайхан, С.Жүнісов «Қызым саған айтам» - Құмар, «Жаралы гүлдер» - Баттал, Ш. Айтматов «Ана-жер-ана» - пошташы, «Ғасырдан да ұзақ күн» - ревизор, І.Жансүгіров, С.Назарбекұлы «Махамбет» - Шонты би, Қ. Ысқақов «Шырғалаң» - Бахтияр, С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» - Әбутәліп, Н.В. Гоголь «Үйлену» - Кочкарев, Островский, «Найзағай» - Кулибин, Тихин, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» - Сайлаубек, «Құдағи келіпті» - Дауылбай, «Жат елде» - Асан, Ә.Тәжібаев «Жалғыз ағаш орман емес» - Айдабол, «Майра» - Дүрбіт А.Дударев «Кеш», т.б. спектакльдерді сахна төріне шығарып көрермендер ризашылығына бөленді.
Massaget.kz сайты ұжымы марқұмның туыс-жақындары мен дос-жарандарына көңіл айтады.