Тәуелсіздік үшін күресті түсіріп алған режиссер Рубикжан Яхин дүниеден озды

Өзінің саналы ғұмырын Қазақ телевизиясының өркендеуіне қосқан танымал телережиссер Рубикжан Яхин 59 жасқа қараған шағында кенеттен ауыр науқастан көз жұмды деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Өзінің саналы ғұмырын Қазақ телевизиясының өркендеуіне қосқан танымал телережиссер Рубикжан Яхин 59 жасқа қараған шағында кенеттен ауыр науқастан көз жұмды. Еңбек жолын Қазақтелевизиясында бас режиссер қызметінен бастаған Рубикжан Хайрысұлы 1986 жылы Желтоқсан оқиғасының бел ортасында жүріп бейнетаспаға да түсірген болатын. Ұлттық арнамен бірге ауқымды жобалдарды жүзеге асырды. Қазақстан арнасы Арқаға қоныс аударғанда Жаңалықтар қызметінің аяғынан нық тұруына өз үлесін қосты. Қазақ телевизиясының тарихында алғаш рет ашылған Қазспорт арнасының да бас режиссері қызметін атқарған болатын.

Рубикжан Яхиннің қазақ телевизиясына сіңірген еңбегі көп. Ол «Хабар», «Қазспорт», облыстық «Жетісу» телеарналарында режиссерлік қызмет атқарған. Сонымен қатар, қазақстандық спорт журналистикасына зор үлес қосқан адам. Оның Асхат Сағынаев және Жандос Айтбайұлымен бірге ашқан «Теңбіл доп» жобасы ел спортын насихаттайтын ең алғашқы бағдарламалардың бірі болатын. Шығармашылық топ “Хабар” арнасында орыс тілінде шығарылатын “Идем на футбол” бағдарламасының редакциясымен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеген.

Massaget.kz ұжымы марқұмның туған туыстарына қайғырып көңіл айтады.

 

Сурет: Телжан Күдеров