- Негізгі бет
- Тағзым
- Тарихшы Қамбар Атабаев...
Тарихшы Қамбар Атабаев дүниеден озды
Бүгін, яғни 8 қантар күні тарих ғылымдарының докторы, профессор, деректанушы ғалым Қамбар Атабаев дүниеден озды.
Қамбар Атабаев 1947 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы (2000), профессор (2002).
1971 жылы ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) тарих факультетін бітірген. 1971–74 жылдары Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Аса орта мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1977–84 жылдары қазіргі Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы, 1984–89 жылдары қазіргі ҚазҰПУ мен ҚазҰУ-да (1989–93) доцент, сондай-ақ 1998–2002 жылдары осы университетте кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
«Мерзімді басылым Қазақстан тарихының дерек көзі (1870–1918 ж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ол ғылыми еңбектерінде деректанудың қазақ тіліндегі ұғымдары мен терминдерін жасап, ұлттық төл деректердің ерекшеліктерін анықтауға қомақты үлес қосты. Қамбар Атабаев деректануға арналған «Деректанудың теориялық мәселелері» (1999), «Қазақстан тарихының деректанулық негіздері» (2002) атты бірқатар еңбектердің авторы.
Болат Мүрсәлім, журналист, алаштанушы:
Қамбат Атабаевтің "Сұхбат.KZ" бағдарламасына берген сұхбаты:
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Мәліметтер интернет беттерінен, пікір Болат Мүрсәлімнің фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды
Сурет: abai.kz
Ш. Талап