- Негізгі бет
- Тағзым
- Сазгер Еркеғали Рахмадиев...
Сазгер Еркеғали Рахмадиев дүниеден өтті
Кеше, 9 сәуір күні, 83 жасында қазақтың танымал сазгері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Еркеғали Рахмадиев өмірден өтті. Бұл туралы Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабрлады.
Ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сазгердің туыстарына көңіл айтып, телеграмма жіберді. Телеграммада президент Еркеғали Рахмадиевтың қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне қосқан ерен еңбегін айтып өтті.
"Оның еңбегі ешқашан ұмытылмайды, ал туындылры халықпен бірге өмір сүре береді", - делінген телеграммада.
Рахмадиев Еркеғали - сазгер, КСРО халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. 1932 жылы Семей облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша бітірген.
Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық-әндік материалды заманауи музыка тілімен үндестіруімен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”, “Дала таңы”, “Алпамыс” опералары, “Дайрабай”, “Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: ©Игорь Бургандинов
Материалды дайындау кезінде Мәдени мұра ұлттық жобасының сайтындағы ақпараттар пайдаланылды
Massaget