- Негізгі бет
- Тағзым
- Рейхстагқа ту тіккен...
Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа "Ресей батыры" атағын беру ұсынылды
Григорий Булатовпен алғаш рет Рейхстагта Жеңіс туын тіккен қазақстандық Рақымжан Қошқарбаевқа "Ресей қаһарманы" атағын беруді ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ардагердің немересі Дәурен Қошқарбаев хабарлады.
Оның айтуынша, Қошқарбаевқа бұл атақты беру туралы ұсынысты "Естелік шамы" ("Свеча памяти") атты ресейлік қозғалыстың өкілдері жасады. "Менің атам Кеңес Одағының Батыры атағын алмады, сондықтан олар енді осы атақты беруді ұсынды. Бұл ұсыныс Ресей президенті Владимир Путинге жолданды. Қазір бұл сұрақты қарастырып жатыр", - деді Дәурен Қошқарбаев.
Немересінің айтуы бойынша, бұл тарихтағы әділеттілікті қайта қалыптастыру үшін жасалып отыр. "Бізде ҰБТ сұрақтарының ішінде, ең бірінші туды кім тіккен деген сұрақтың дұрыс жауабы Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов делінген. Ал ресейлік сынақтамаларда мүлде өзгеше жауап - Михаил Егоров пен Мелитон Кантария. Бұл қате ғой. Мәселе шешімін таппай келеді", - деді ол.
Айта кетейік, Рақымжан Қошқарбаевтың құрметіне өзі директор болған "Алматы" қонақ үйінің кіреберісінде мемориал тақтасы орнатылды.