Америкалық данышпан математик Джон Нэш өлер алдында үш күн бұрын әріптесіне жаңалық ашуға шақ қалғанын айтқан, - деп жазады Daily Mail. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Седрик Вилланидің айтуынша, Нэш оған Альберт Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының орнын басатын формула ойлап тапқанын айтқан. Ол жаңа теория болашақта кванттық гравитацияны түсіндіретініне сенімді болған.
Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы 20-шы ғасырдың басында шықты. Ол гравитацияны уақыт пен кеңістік геометриясының терминдерімен сипаттайды.
Еске сала кетейік, Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш әйелі Алисамен бірге 23 мамырда көз жұмды. 86 жастағы ғалым мен 82 жастағы оның әйелі отырған такси Нью-Джерсиде апатқа ұшырады. 2001 жылы ғалымның өмірбаяны мен оның шизофрениямен күресуі туралы "A Beautiful Mind" фильмі шықты.