- Негізгі бет
- Тағзым
- Мәскеуде Достоевскийдің 200...
Мәскеуде Достоевскийдің 200 жылдығына арналған ескерткіш ашылды
Достоевский кітап клубының жанында орыстың ұлы жазушысының 200 жылдығына арналған арт нысан ашылды. Іс-шараның бас қонағы Федор Михайловичтің шөбересі - Алексей Дмитриевич Достоевский болды. Лаура Джугелия, Юлия Прудко, жазушы Григорий Служитель және т.б. келді.
Репин атындағы Санкт-Петербург көркемсурет академиясының түлегі Анастасия Лужина жасаған мүсінде әскери қызметтен енді ғана кеткен және өзін шығармашылыққа толығымен арнауға шешім қабылдаған 25 жастағы жазушы бейнеленген.
Федор Михайловичтің шөбересі - Алексей Дмитриевич Достоевский
Ашылу салтанатында қонақтарды Мемлекеттік әдеби мұражайдың директоры Дмитрий Бак, Достоевский қорының президенті Игорь Волгин, суретші және Ресей өнер академиясының вице-президенті Василий Церетели және бас кураторы Алина Сапрыкина қарсы алды.
Арт нысанды Достоевский кітап клубының жанындағы Воздвиженка, 1 ғимаратынан табуға болады.
А. Оралқызы