ҚазГЗУ президенті Мақсұт Нәрікбаев ақтық сапарға аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нәрікбаевпен қоштасуға оның туыстары мен достары, министрлер, мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар және әріптестері келді.
Университет залында қадірлі қонақтардан Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев, Астана әкімі Әділбек Жақсыбековті байқауға болады. Дауылбаев пен Мәми әріптес және жақын достары ретінде Мақсұт Нәрікбаевпен қоштасуға келгендерді қарсы алды. Олардың ішінде ҚДБ басшысы Болат Жәмішев, ішкі істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель болды.
Айта кетейік, Қазақстанның саяси және қоғам қайраткерімен қоштасу ҚР әскери қызметкерлерінің қатысуымен жоғарғы деңгейде өтті.
Жаназадан кейін ҚазГЗУ алдында кішігірім шеру өтті. Достары мен әріптестері, жақындары Нәрікбаев туралы сөз сөйледі.
Нәрікбаев Астанадағы жаңа мазарда жерленеді.
Еске сала кетейік, Мақсұт Нәрікбаев 12 қазанда дүниеден озды. Ол 75 жасында көз жұмды.