Уильям мен Гарри ханзадалар Кенсингтон сарайында аналары Диана ханшайымға ескерткіш орнатуды ұсынды.
Барша елдің сүйіктісіне айналған Диана ханшайымның өмірден өткеніне биыл 20 жыл толыпты. Осы уақыт аралығында бірегей тұлғаның өміріне қатысты бірнеше көркем және деректі фильм түсірілді. Сондай-ақ, көптеген кітап та жарық көрді. Диана ханымның ұлдары – Кембридж герцогі Уильям мен оның інісі Гарри ханзада – өз аналарының атын мәңгіліктің еншісінде қалдыру мақсатында осы қадамға барып отыр. Олардың ойын Елизавета II патшайым да қолдап отыр. Ескерткішті орнату 2017 жылдың 31 тамызына жоспарланып отыр.
Уильям мен Гарри ханзадалар: "Біздің анамыздың өмірден өткеніне 20 жыл толды. Қазір оның Ұлыбритания мен барша әлем дамуына сіңірген орасан еңбегін мойындайтын кез келді. Кенсингтон сарайына келушілер ескерткішті көрген сайын, Диана ханшайымды еске алып, оның еңбегін бағалаушылар саны артатынына сенеміз", – деді БАҚ-қа берген сұхбатында.