- Негізгі бет
- Тағзым
- Қазақтың "Эйнштейні" дүниеден...
Қазақтың "Эйнштейні" дүниеден озды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сабақ беретін ұстаз, ғалым қысы-жазы жалаңаяқ жүріп елге танылған – Нұрғали Қойшыбаев дүниеден озды. Физика ғылымдарының докторы, профессор Н.Қойшыбаевтың туыстарына, ұрпағына көңіл айтамыз.
Ғалымның өзі туралы естелігі:
«Алғаш қыстың күні жалаңаяқ жүргенімді көрген адамдар маған таңғалып, қорқып қарайтын. Полиция қызметкерлері не үшін жалаңаяқ жүргенімді тергеп-тексеріп есімді шығаратын. Келе-келе бұған үйреніп алдық қой. Мен далада да, үйде де жалаңаяқ жүремін. Адам көк пен жердің арасында екі жақтан да энергия алады. Кішкентай сәбилердің еңбегі былқылдап тұрады ғой. Ол көкпен байланыс. Ал табан арқылы адам жерден қуатты энергия алады. Ал біз басымызды да бүркемелеп жауып, табанымыздан да энергия берілуіне мүмкіндік бермейміз. Мен 3 жылдай іссапармен Африкада болдым. Сол жақта денсаулықты жақсартудың осындай әдісін үйрендім. Бас кезінде мұндайға менің шыдамым жетпейтін шығар деп едім. Бірақ уақыт өте келе ең алдымен жұқа, жеңіл киіне бастадым. Сөйтіп алғаш ұлпа қарды жалаңаш табаныммен басып көрдім. Сөйте-сөйте қысы-жазы жалаңаяқ жүруге етім үйреніп кетті. Алғашқы кезде табанымды үсітіп те алғам. Үсіктің орны жазылу үшін жақпаған емдік майым жоқ. Бірақ ешқайсысы көмектеспеді. Кейінен уринатерапия қолдандым. Адам нәжісін дәрі-дәрмек ретінде қолдану бұл ғылымда бұрыннан бар. Мен әлі күнге уринатерапияны қолданамын. Бұл туралы көп оқыдым, зерттедім. Қазір өзім 77 жастамын, денсаулығым жақсы», деген еді Нұрғали Қойшыбаев.
М. Ақан