Белгілі жазушы, ақын Ғаппар Біләлұлы бүгін, яғни, 6-шы маусым күні өмірден озды. Өмірінің соңын Қазақ елі топырағында өткізген қаламгердің артында мол әдеби мұрасы қалды. Ғ. Біләлұлы 1938 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Толы ауданында дүниеге келген. 1960 жылы Тарбағатай педагогика институтын бітірген. 1961-1976 жылдары ұлтшыл, оңшыл деген жала жабылып, айдауда және еңбекпен өзгерту мекемелерінде болған. 1979 жылы қайта ақталып, 1992 жылға дейін ұстаздық қызмет атқарған. Қаламгер бүгінгі күнге дейін 400-ден астам өлең, 70 әңгіме, 4 повест, 2 роман жазған. Көмтеген әдеби зерттеу, сын мақалаларының авторы.
Қаламгер қазасы қайырлы болсын!
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: bozbala.com, qazaq-alemi.kz