Букингем сарайы патшайым Елизавета II-нің күйеуі, Эдинбург герцогы Филипп 99 жасында қайтыс болғанын ресми түрде мәлімдеді.
"Ұлы Мәртебелі Патшайым өзінің сүйікті күйеуі, Эдинбург герцогы ханзада Филипптің қайтыс болғанын хабарлайды. Бүгін таңертең Винзор сарайында король қайтыс болды", - делінген хабарламада.
10 маусымда ол 100 жасқа толар еді. Ханзада Филипп әйелінің мерейтойына екі апта қалғанда қайтыс болды. Елизавета ІІ 21 сәуірде 95 жасын атап өтеді.
Ханзада Филипп 2017 жылдан бері қоғамдық шараларға қатыспаған.
Қаңтарда Елизавета II мен оның күйеуіне коронавирусқа қарсы вакцина егілді. 17 ақпанда ханзада өзін нашар сезіне бастаған кезде ауруханаға жатқызылды. Кейін оның коронавирусқа қатысы жоқ екендігі айтылды. Наурызда оның жүрек ауруына байланысты сәтті ота жасағаны анықталды. Отадан кейін ол патша Эдвард VII ауруханасына оңалту үшін жатқызылды. Содан кейін ол сарайға наурыз айының ортасында оралды.
Герцог Филипп патша 1921 жылы Грецияның Корфу аралында Глюксбургтар әулетінің отбасында дүниеге келген. Ол Германияда, Шотландияда және Англияда оқыды. Филипп Әскери-теңіз күштерінде қызмет етіп, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1947 жылы Филипп пен Елизавета II Вестминстер аббаттығында үйленді. Элизабет тұрмысқа шыққаннан кейін кейін 5 жылдан өтіп патшайым атанды. Олардың 4 баласы, 8 немересі және 10 шөбересі бар.