Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты ұлы Фариза Оңғарсынова қайтыс болды.
Фариза Оңғарсынованың өмірбаянына көз жүгіртсек, ол 1939 жылы Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Атырау мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркін дала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
1966-1968 жж. Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер, 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылдан «Пионер» журналының бас редакторы болған. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрді.
Содан бері қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып келген ақын, Қазақ Елінің маңдайына біткен жұлдыз бүгін сөнді...
Мұқағали мұңын шаққан ұлы тұлғаның қазасы әр қазақтың жанына батары сөзсіз.
Massaget.kz барша қазақ жұртына қайғырып, көңіл айтады.
Сурет: kultobe.kz