Біздің Денис кітабының электрондық нұсқасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланған болатын. Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, бір айдың ішінде электронды кітапты 1000000 адам жүктеп алды. Соның ішінде Қазақстан (30 %), Ресей (15 %), Қырғызстан (8 %), Оңтүстік Корея (13 %), Өзбекстан (6 %), Франция (8 %), Америка (10 %), Түркия ( 3 %), Италия (4 %), Канада (3 %) және тағы басқа елдердің азаматтары бар. Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қаза табуына байланысты Біздің Денис деп аталатын кітап шығарды. Кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әртүрлі іс-шаралардан естелікфотосуреттері, әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар.