- Негізгі бет
- Тағзым
- "Боевое братство" ҚҚ...
"Боевое братство" ҚҚ Псков облысына аттанбақ
Алматыдағы "Боевое братство" қоғамдық қоры 2013 жылдың тамыз айында Ресейдегі Псков облысында өтетін "Естелік вахтасы 2013" акциясына қатысады деп мамыр айында хабарлағанбыз. Нақтырақ айтқанда, ҰОС кезінде балтық маңындағы екінші фронттың 22-армиясының 54-атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің мәйіті туған жерге әкелініп, қайта жерленеді. «Боевое братсво» қоғамдық қорының ұйымдастырып отырған экспедициясы тамыз айын күтпестен, бүгін түнде жолға шығатынын хабарлады. Дайындықты наурыз айынан бастаған экспедиция жетекшісі - Фадюшин Александр Алексеевич.
Ол Псков облысының губернаторы және оның көмекшілерімен, Ресейлік «След Пантеры» іздеу салу ұйымының мүшелерімен арнайы жолығып, қазба жұмыстарын талқылаған. Экпедицияға қатысушылар Алматы қаласынан аттанады. Құрамында Алматыдан 11 адам, Ақтөбеден 15 адам бар. Алматылық оқушылар да игі шараға ат салысуда.
Алматылық ТЖД-ның алдын ала жөнелтілген "Камаз" жүк көлігі ақшатырларды жеткізіп, оны тігіп дайындап та қойған. Мұнымен қатар Алматыдағы ТЖД оларды ұялы байланыс, интернет желісі, дәрігер, электр стансасы және азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Осы күнге дейін жиналған қаражат – 6 000 000 теңгені құрады. Қаражат жинауға жеке меншік иелері ат салысқан. Іздеу жұмыстарын жүргізуге ресейлік мамандар көмектеседі. Олар да өз кезегінде экспедиция мүшелерін көлікпен қамтамасыз етіп, жақын маңдағы құдық суын тазалап та қойған. Іздеу жұмыстары сәтті жүргізіліп, мақсатына жеткен жағдайда бұл іс-шара жыл сайын жалғасын тауып, іздеу жұмыстарына «Боевое братство» қоғамдық қоры 2 рет баруды жоспарлап отыр.
Бұл экспедициялық сапар алдымен мерген қызымыз Әлия Молдағұлованың сүйегін іздеуден басталады. Ресейде соғыс жылдарынан қалған архивтердің ішінен батыр қызымыздың жерленген жеріне қатысты құжаттар табылған. Сол құжаттың арқасында нақты болмаса да батырдың шамамен қай жерге жерленгені анықталып отыр. Әлиядан өзге 4 батырдың сүйегі сонда қалған.
«Экспедицияға қатысудағы мақсатыңыз не?» деген сұраққа: «Қазақтар бабаларының аруағын қадір тұтқан. Өлі разы болмай, тірі байымайды дегендей, ертең болашақ ұрпақтың көзіне ұялмай қарайтындай дәрежеде болып, оларға үлгі-өнеге көрсетіп, жастарымызды тәрбиелеуіміз керек» деп жауап берді «Боевое братство» қоғамдық ұйымының мүшесі Әсет Жақсыбаев.
Қор туралы қосымша ақпараттарды мына сілтемелерге өтіп оқи аласыздар:
Қаржы аударуға қажет реквизиттер:
Төлем тағайындамасы: "Вахта памяти Казахстан - 2013",
Банк: АО "Дочерний Банк "Punjab National Bank"-Казахстан",
БИК: DABNKZ2P,
БИН: 080 940 011 369,
Р/с: KZ 426 200 722 030 000 214,
ҚҚ "Боевое братство"
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Суреттер:Вконтакте әлеуметтік желісінен
Қ. Бүйенбай