Кеше тоғызыншы желтоқсанда халқымыздың аяулы ұлы Бақытжан Момышұлы аурудан көз жұмды.
Қазақтың қайсар перзенті Бауыржан Момышұлының тұяғы Бақытжан Момышұлы 1941 жылы Алматы қаласында өмір есігін ашқан. Некрасов атындағы N910 орыс орта мектебін, шет тілдер педагогикалық институтын тәмамдаған. Қысқаша қызметтік жолы - Жамбыл облысының Жуалы аудандық газетінде тілші, Жамбыл облыстық газетінде аудармашы, «Ленинская смена» газетінде редактор болып жұмыс жасаған.
Шығармашылық жолын аудармашылықтан бастаған қаламгер Ш.Мұртазаевтың «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестерін, Ж.Молдағалиевтің, Д.Досжановтың, О.Бөкеевтің, Қ.Найманбаевтың, Б.Бодаубаевтың, Б.Тоғысбаевтың, Ш.Шаваевтың, М.Айымбетовтың, К.Тоқаевтың, т.б. жазушылардың шығармаларын аударды. Бірнеше әңгіме, повесть, романдардың авторы. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Бірнеше медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Әкесі Бауыржан Момышұлына арнап үш кітап жазған.
Массагет ұжымы марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Сурет:kultobe.kz, xrest.ru
Материалға kk.wikipedia.org-тан алынған ақпараттар пайдаланылды