Атақты режиссер Милош Форман 87 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол отбасы мен достарының ортасында соңғы сапарына аттанды, деп хабарлады режиссердің жұбайы. Милош Форман тегі чехиялық болса да, атағы алты құрлыққа мәлім өнер адамы. Оның Көкек ұясының үстінен ұшып бара жатқанда атты романға жасаған экранизациясы кино және әдебиет сүйер қауымға жақсы таныс. Форман Оскар марапатының екі мәрте лауреаты. Ал, Алтынглобусты 3 рет қанжығасына байлаған аса талантты режиссер. Ол 1971 жылы Каннского кинофестивалінде Ұшу аталатын алғашқы америкалық фильмі үшін Гран-при жеңіп алған болатын.