Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы аллея салу ұсынылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы жобаның бастамашысы Сергей Терещенко айтып берді. Еске салайық, Батырхан Шүкенов 29 сәуірде 52 жасында қайтыс болған еді.
"Мен жерлеу рәсімінде болдым және қанша адамның келгенін, адамдардың оған деген қандай құрмет көрсететітінін көрдім. Қазір ұсыныс көп - ескерткіш қою, көшеге оның атын беру, бұл дұрыс, меніңше", - деді жоба авторы.
Оның айтуынша, Алматы билігі Алатау ауданында саябақ салады. Сол жақта, Терещенконың айтуынша, танымал музыканттың атындағы аллея салынбақ. Терещенко аллеяға ағаш отырғызуды 2015 жылдың күзінде бастамақ.