Мы перед чувствами немеем,
мы их привыкли умерять,
и жить еще мы не умеем
и не умеем умирать.
Евгений Евтушенко,1955
Орыстың ұлы ақындарының бірі Евгений Евтушенко 85 жасқа аяқ басқан шағында өмірден өтті. «Ол соңғы демі таусылғанша туған-туыстарының қасында болды. Ұйықтап жатқан жерінен жүрегі тоқтап, мәңгілік мекеніне аттанып кетті», - деп хабарлады ақынның жесірі Мария Новикова.
Евтушенко өмірдің ақыны еді, ол үнемі адамдарға көмек қолын созатын. Ол, расымен де, көп жақсылық жасаған жан. Окуджава Евтушенко туралы былай деді:"Евтушенко, бәрінен бұрын, өте қайырымды жан, мұны ұмытпау керек. Ол өмір үшін арпалыса жүріп, адамдарға көмектесіп, көпшілікке тірек болып қана қоймай, жамандыққа нағыз батырларша қасқая қарсы тұра білді. Евтушенко үшін адами құндылықтар кез-келген эстетикалық көркемдіктен жоғары тұратын. Бұл орайда оның өмір бойғы осалдығы да осы еді. Ақындығын мойындамаушылар қатары аз болмаса да, оның өлеңдерінің жаны бар, олармен сыр шертісе аласың.
Евтушенконың ұлы ақын екеніне күмән келтіруге болмайды".