- Негізгі бет
- Тағзым
- Әдебиеттің қаламынан сия...
Әдебиеттің қаламынан сия емес, көздің жасы тамған күн...
Қазақ әдебиетінің алтын қорында ойып тұрып орын алатын шебер әрі керемет жазушы, драматург Рақымжан Отарбаев ақпанның 17-іне қараған түні 61 жасында дүниеден озды.
1956 жылы Атырау облысында дүниеге келген жазушының аты бүкіл қазақ әдебиетіне белгілі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі, Парасат орденінің иегері, Атырау және Құрманғазы ауданының құрметті азаматы.
«Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім», «Отверженный мир» атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармалараның ІІ томдығы жарық көрген.
«Атырау облысында менің атыммен аталатын «Рақымжан» деген көл бар. Енді мен алмаған сыйлықтың соңғысы осы болар» деген, жазушының тағдырдан алған сыйы осы ма еді?!
Қазақ әдебиетіне, қазақ халқына және соңында қалған ұрпағы, туған-туыстарына көңіл айтамыз.
М. Ақан