Chanel сән үйі Карл Лагерфельдпен қоштасу рәсімін ұйымдастырады. Брендтің креативті директоры 19 ақпан күні 85 жасқа қараған шағында дүниеден озған болатын.
Кутурьені соңғы сапарға шығарып салу шарасына қоғам мен журналистер қатыса алмайды. Дизайнердің соңғы тілегі бойынша сүйегі анасы Элизабеттің күлі ұшырылған орынға жерленеді. Chanel ұйымдастырғалы жатқан ашық қоштасу рәсімі нақты қай күні өткізілетіні әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, Карл Лагерфельд жасаған соңғы киім топтамасы 5 наурыз күні көрсетіледі.