- Негізгі бет
- Тағзым
- 28 Мишлен жұлдызын...
28 Мишлен жұлдызын иеленген шеф аспаз өмірден өтті
Жоэль Робюшон есімді франциялық шеф аспаз 73 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Әлемнің үздік мейрамхана сыншыларының басын қосқан Gault & Millau гиді оны "Ғасыр шеф аспазы" атаған болатын.
Жоэль Робюшон аспаздық мансабын 15 жасынан бастап, 29 жасында Конкорд Лафайет қонақүйінің мейрамханасында шеф аспаз деңгейіне дейін көтерілген.
Ол ең жас шеф аспаз болғанымен қоймай, бар болғаны 32 жасында 3 Мишлен (Michelin) жұлдызын иеленіп үлгерді. Бірнеше жылдан кейін ол Jamin аталатын мейрамхана ашты.
Жоэль Робюшон аспаздық өнер қолжетімді болуына қызмет етті. Өз қолынан келетін іске көптеген адамдарды баулыды. — атақты Гордон Рамзи Жоэльдің шәкірттерінің бірі. Оның есімі 28 Мишлен жұлдызын иеленген жалғыз адам ретінде тарихта қалды.
Жоэль Робюшон әлемнің түкпір-түкпірінде жалпы саны 25 мейрамхана ашқан. Париждік "Жоэль Робюшон ательесі" (L'Atelier de Joël Robuchon), Монакодағы Yoshi, Лондонағы La Cuisine de Joël Robuchon сынды атауы танымал мейрамханалар осы Робюшонға тиесілі. Оның фирмалық "Ательелерінің" көпшілігі Токио, Сингапур, Бангкок, Шанхай және Гонконг сында Азия қалаларында, Лас-Вегас, Нью-Йорк пен Монреальда да бар.
А. Оралқызы