Avicii лақап атымен танымал Тим Берглинг есімді швед диджейі мезгілсіз өмірден өтті. Оның денесі 20 сәуір күні Омананың астанасы Маскат қаласынан табылған. Тимнің отбасының қабырғасы қайысты. Музыканттың жеке өміріне қатысты ақпараттың жасырын қалуын сұраймыз. Оның расымен бақилық болғанынан басқа еш дерек айта алмаймыз , - деді Avicii-дің ресми өкілі Диана Барон. Тим өз мансабын 2006 жылы бастаған болатын. My Feelings for You, Seek Bromance, Blessed, Wake me up, Levels аталатын туындылары оның есімін барша әлемге паш етті. Avicii осыған дейін екі мәрте Грэмми марапатына ұсынылған. 2013 жылы әлемдегі ең үздік 10 диджей тізіміне енді. 2016 жылы Берглингтің денсаулығы сыр беріп, біраз уақыт еңбек демалысын алған болатын. Одан бұрын да ота жасалғаны белгілі. 28 жасында қыршын кетуінің себебі де сол шығар деген болжам бар.