Биыл қазақтан шыққан тұңғыш академик, геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор Қаныш Сәтбаевтің туғанына 120 жыл толды. Осы мерейтой аясында еліміздің әр аймағында айтулы шаралар өтіп жатыр.
19 сәуір күні Қазақ КСР академиясының академигі, Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті болған Қаныш Сәтпаевтің 120 жылдық мерейтойынің қорытындысы Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында "Қаныш сүйіп тыңдаған әндер" деген атпен туған жерінде дүбірлеп өті.
Шара барысында сөз алған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мерйтойға жиналған қауымға өз алғысын білдіріп, Қаныш есімін ұлықтау өскелең ұрпақтың азаматтық борышы екендігін айтты.
Шара барысында жиналған қауымға Қаныш өмірінен сыр шертетін үзінді бейнебаяндар көрсетілді. Сондай-ақ, ғұлама ғалымның өзі оқыған университет ректоры видео құттықтау жолдады. Онда Вискинсон университетінің профессоры Гарри Киркинг: "Қаныштай ғұлама бізден білім алғанына қуаныштымыз", – деді.
"Бүгінгі ғалымның мерейтойы аясындағы іс-шараға Қаныш Сәтпаев мұражайындағы жәдігерлерді әкелдік. Мақсатымыз Қаныш Сәтпаев есімін ұлықтау, оның игі ісін кейінгі ұрпаққа жеткізу", – деді Қаныш Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық мұражайының басшысы Айбат Ыдырысов.
Салтанатты шараның соңы "Қаныштың сүйіп тыңдаған әндері" атты мерекелік концертке ұласты.
Айта кетейік, Қаныш Сәтпаевтің 120 жылдық мерейтойы Алматы қаласындағы ғалым атындағы Сәтбаев университетінде де аталып өтті. 12 сәуір күні өткен іс-шарада халықаралық конференция ұйымдастырылып, еліміздің ғылымы мен білімінің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар ғалымдарға" Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Құрметті профессоры" атағы берілді. Кеңейтілген отырыста бір топ ғалымдар Қаныш Сәтбаев өмірі мен қызметтік жолына тоқтала келе, оның Қазақ ғылымы мен өнеркәсібіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Сондай-ақ ғұлама ғалымды ұлықтау шет елдерде жалғасын тапқан. 12 сәуір күні Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында Тәжікстан ғылым академиясын ұйымдастыруға және Орта Азиядағы геология ғылымының қанат жаюына ерекше үлес қосқан, Тәжікстан Ғылым академиясының тұңғыш шетелдік мүшесі атанған Қаныш Сәтбаевқа құрмет көрсетіліп, мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің қызметкерлері, Тәжік еліндегі "Бәйтерек" қазақтар қоғамдық ұйымының өкілдері және ТР Ғылым академиясының, Геология институтының басшылығы қатысты.