Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін қазақ елінің әр қадамы нық бола бастады. Жаңа жоспар мен тың жаңалықтардың куәгері болдық. Он жылдықты өткергеннен кейін экономикалық жағдайымыз жақсара бастады.
2005 жылы
12 қаңтар – ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев Алматыда Ресей презиенті В.Путинмен кездесті. Кезесу нәтижесінде Қазақстан мен Ресей арасында тарихи қадам – «Қазақстан-Ресей шекарасы туралы» Заңы бекітілді.
4 ақпан – ЕурАзЭҚ ұйымына мүше мемлекеттердің вице-премьерлері кездесті.
4 мамыр – "Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына қол қойды.
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 60 жылық мерейтойы тойланды.
24 тамыз – Елбасы теледидар арқылы халықпен тікелей қарым-қатынас орнатты. Тікелей желі барысында 25 мыңнан астам сұрақ келіп түсті.
1 қыркүйек – Президент жолдауының перспективалықміндеттері айқындалды.
4 желтоқсан – елімізде кезекті Презиенттік сайлау өтті. Дауыс беру нәтижесі бойынша 91,15 пайызбен Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті.