- Негізгі бет
- Тәуелсіздікке – 25 жыл
- Тәуелсіздікке 25 жыл:...
Тәуелсіздікке 25 жыл: 2000-2001 жылдардағы тарихи шежіре
Қазақ елі үшін жаңа дәуір жылнамасы қалай басталды? XXI ғасыр қандай тосын оқиғалармен басталды? Тың шешімдер, жаңа бастамалар. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін күнтізбеге жүгінейік.
2000 жыл
* 2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
* Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
* Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
* 2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
* 2000 жылы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінінде» Президент Жарлығы қабылданды.
* 2000 жылы 10 қазанда Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.
* 2000 жыл Елбасы Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Облыстық әкімшілік Ленин ескерткішінің орнына Кіші жүздің ханы, даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға ескерткіш орнату жайлы шешім қабылдады. Ескерткіш авторы - мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.
* 2000 жылы халықтан жиналған қаржыға Көтібар батыр Бәсенұлына кесене орнатылды. Оның авторлары - сәулетші Несіпбек Қожағұлов және суретші Әділғали Баяндин.
2001 жыл
* 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы.
* 2001 жыл - осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
* 2001-2010 жылдары -Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы іске асырылды.
* 2001 жылы 13 маусымда Алматыда І республикалық «Бөбек» шақырады» фестивалі өтті.
* 2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.
* 2001 жылы 7 қыркүйекте Ақтау қаласында, Қазақстан жастарының 1-ші Конгресі өтті.
* 2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
* 2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттесАспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала - Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.
* Қазақстан Республикасындағы дінаралық келісім дін өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен сипатталады. 2001 жылдың 22-25 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары болып өтті. Еліміздегі конфессияаралық келісім мен ұлтаралық келісім бірін-бірі толықтырады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы 22-24 қыркүйек аралығында католиктер мен христиандар, православиеліктер мен иудейлер бастарын қосып, барлық мәселелерді бірлесе талқылаған Әлемдік діндер съездерінің өткізілуі - еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың айғағы.
* Орыс православие шіркеуі Қазақстанда дінге сенушілер саны жағынан алғанда екінші орында тұр. 1996 жылы орыс православие шіркеуі Н.Ә.Назарбаевты І дәрежелі Киелі князь Даниил Московскийдің орденімен марапаттады.